ҚР азаматы өзінің тұрып жатқан тұрғын үйін және жерін заңды рәсімдеу мақсатында жергілікті атқарушы органға өтініш жазған. Алайда сол аралықта азамат қайтыс болған. Тұрғын үйімен жері заңдастырылмай қалған. Содан мұрагерлік ашылып Азаматтық Кодексінің 1040 бабына сәйкес мұрагер баласы болып танылған. Сол мұрагерлік куәлік негізінде ауылдық округ әкім қайтыс болған азаматтың атынан жерге құқық беру туралы шешім шығарған сол шешім негізінде мемлекеттік тіркеу органдарына тіркелген. Одан кеін мұрагері өзінің атына заңды тіркеу рәсімдері арқылы тіркеуден өткен. Жоғарыдағылардың негізінде осы қаншалықты заң екеніне түсіндірме берсеңіз.
Әділет
органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық
әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады.
(2001
жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 – бап, 10-1 тармағы).
Мұрагер
нотариусқа жүгінген сәтте жылжымайтын мүлікке құқық ресімделген не мұра
қалдырушының атына ресімдеу сатысында болған, алайда бұл құқықты мұра қалдырушы
заңнамада белгіленген тәртіппен тіркемеген жағдайда, нотариус ҚР АК (Ерекше
бөлім) 1040-бабына сәйкес, мұрагерге мүліктік емес құқықтардан, соның ішінде
мұра қалдырушыға меншік құқығын тіркеу үшін тіркеуші органға өтініш жасау
құқығынан, құрылыстарды пайдалануға беру құқығынан, құқық белгілейтін
құжаттардың телнұсқасын және басқа да құжаттарды алу үшін уәкілетті органға
жүгіну құқығынан тұратын мұраға құқық туралы куәлік береді.
(Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 «Нотариустардың
нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» бұйрығының 142 тармағы).
Азаматтық
кодексінің 1040-бабына сәйкес мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік,
сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқталмайтын құқықтары мен
міндеттері кіреді.
Мұрагерлік
мүліктің құрамын және орналасқан орнын мұрагерлер ұсынатын мұра қалдырушыға
тиесілі құқықты белгілейтін және құқықты куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ
бағалы қағаздардың, ақшалай құжаттардың және басқаның негізінде нотариус
тексереді.
Мұра
ашылған кезде мұра қалдырушының жылжымайтын мүлікке меншік құқығы
тіркелмегенде, мұра қалдырушының атына мүлікке құқықты белгілейтін құжаттар
немесе сәйкестендіру құжаттары нотариусқа ұсынылса, ол мұрагерге мұра
қалдырушының меншік құқығын тіркеуге құқығы туралы куәлік беруге құқылы.
Мұра
қалдырушыға меншік құқығы немесе жерді тұрақты пайдалану құқығы негізінде
тиесілі жер учаскесінде орналасқан, бірақ пайдалануға енгізілмеген құрылыстарға
нотариус осы мүлікті мұра қалдырушының атынан пайдалануға енгізуге куәлікті
мұрагерлерге беруге құқылы.
Өз
бетімен салынған жылжымайтын мүлікке (осындай мақсатта бөлінбеген жер
учаскесінде, құрылыс салуға қажет рұқсат алынбай және т.б.) мұрагерлік сот
тәртібімен ғана орын алуы мүмкін. Нотариус мұра қалдырушының атына осындай
мүлікке меншік құқығын тіркеуге куәлік беруге құқылы емес.
Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 5 «Соттардың мұрагерлік
туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының
23 тармағы.
Заңдылығына түсіндірме беру