Жекеленген көлік құралдарын қалай тіркеуге болады?
Жекеленген көлік құралдарын тіркеу үшін ТЕП және ХҚКО-ға келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) көлік құралын тіркеу актісі (есептен шығару);
2) жеке куәлік;
3) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
4) техникалық құжатты;
5) Қазақстан Республикасына уақытша, оның ішінде кері әкету
туралы мiндеттемемен әкелінген көлiк құралдарының МТНБ, КҚТК және (немесе)
тiркеу құжаттарын;
6) көлік
құралы, (бастапқы тіркеу кезінде көлік құралын және көрсетілген
құжаттардағы және/немесе БАЖ-дағы есепке алу деректерiне сәйкестігін салыстырып
тексеру мақсатында көлiк құралын ТЕП-ке әкеледі).
7) заңды тұлғаның көлік
құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және
беру туралы бұйрығы (өкімі);
8) көлiк құралына,
нөмірлiк агрегатқа меншiк құқығын растайтын құжатты;
9) көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік;
10) көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік;
11) көлік құралы
шассиінің типін мақұлдауды;
Толық ақпарат «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі
бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке
алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау
және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862
бұйрығының 1-қосымшасында ұсынылған.