Сот орындаушы
атқарушылық iс жүргiзудегі хабарлама және шақырту жіберу қажет пе?
Атқарушылық іс жүргізуге
қатысушылар атқарушылық әрекеттер туралы және мәжбүрлеп орындату шаралары
туралы хабарламамен хабарланады немесе сот орындаушысына не атқарушылық
әрекеттер жүргізілетін жерге шақыру қағазымен шақырылады. Хабарлама немесе
шақыру қағазы қолына тапсырылғаны туралы хабарландыруы бар тапсырыс хатпен,
жеделхатпен жіберіледі. («Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының
мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Заңы 27-б.).