Получить консультацию

Жергілікті атқарушы органдардың сұрақтары
18.06.2018 Айжан

Сəлеметсіз бе. Мен мектепте мұғалім боп жұмыс жасаймын. Жұмысқа 2011жылдың қараша айында қабылдандым. 2016 жылдың қыркүйек айында еңбек өтілім 4жыл 9ай боп тарификацияға бекітілді. Яғни коэффицентім 3.26.Енді қарашада 5жыл толады ғой. Желтоқсан айынан бастап коэффицент өзгере ме,əлде оқу жылының басында бекіп кеткен тарификация бойынша жалақы төлене бере ме? Екінші сұрағым,бір реттік сауықтыруға арналған жалақы қалай есептелуі керек? Оның айлығымыздан ешбір айырмашылығы болмай ма? Ақылы еңбек демалысымыздың жалақысына көңілім толмайды. Жыл сайын менің еңбек өтілім,категориям өзгеріп жатыр ғой. Бұрын категория жоқ кезде қазіргі категория бар кезге қарағанда анағұрлым көп. Соны түсінбедім. Енді анық-қанығын білу үшін кімге жəне қайда барып есептеткенім жөн? Мектеп бухгалтерінен,аудан бухгалтерінен ешқандай тұшымды жауап алалмаймыз. Өйткені олар өздері құйып отқан соманы дұрыс деп береді. Алдын-ала рақмет

Загрузка...